Әр қадамы тарихқа толы Ескі Алматы: «А-дан Ы-ға» дейін аудиосеруен
10 мамырда Алматыда бірегей жоба іске қосылды: кәсіпкер және өнер меценаты Жанна Канның бастамасымен жүзеге асырылатын «А-дан Я-ға» тегін аудиосеруен ұйымдастырылды.
Бұл жоба атақты актерлар мен музыканттардың интерактивті әңгімелері арқылы қонақтарды ескі қала орталығының тарихымен таныстырып, әрбір қатысушыны тыңдаушы ғана емес, сонымен бірге қызықты оқиғаның бір бөлігіне айналдырады.
«Мен бұл жобаны өз қалама деген сүйіспеншілікпен жасадым, осы жолмен жүрген әрбір адам Алматының жанын сезініп, оның дауысын естіп, тарихтың бір бөлігі болғанын қалаймын», - деп бөлісті Жанна Кан.
«А-дан Ы-ға» аудиосеруенінің маршруты ескі қаланың «Золотой квадрат» деп аталатын аумақ арқылы өтеді. Сондай-ақ Алматының тарихы мен мәдениетіне қатысты көптеген ерекше орындарды қамтиды.
60 минуттық аудио серуен кезінде қонақтар жол бойындағы әрбір нысанның бірегейлігі туралы естиді:
- тұтас бір ауданның келбетін өзгерткен театр;
-қаланың халықаралық туристік брендіне айнала алатын Алматының ең ерекше суретшіні;
- музыкант Батырхан Шүкеновтың сүйікті кафесі;
- Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында Виктор Цойға арналған акустикалық концерт қалай ұйымдастырылғаны туралы
Әңгімелер «Игла» фильмінің режиссері Рашид Нұғманов, қоғам қайраткері Саида Тәукелева, қоршаған ортаны қорғау белсендісі Светлана Спатар және басқа да алматылықтар сияқты мегаполистің ескі адамдарымен эксклюзивті сұхбаттарға негізделген.
Бұл серуен ашық фактілер мен драмалық сәттер қызықтыратындар үшін арналған. Айтпақшы, ыңғайлы аяқ киім киюді ұмытпаңыз. Аудио серуен Виктор Цой ескерткішінде аяқталады. Мұнда сіз актер және рок-музыканттың Алматыда арнайы қала тұрғындарына арнап жазған әнін естисіз. Бұл бастама қала тарихын өмірге әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар мәдени мұраны цифрландырып оны барлығына қолжетімді ететін жобаларды жасауға шабыттандырады.