Astana Media Week-2024 апталығы: отандық медиа индустрияға жаңа серпін
Елордада дәстүрлі Astana Media Week-2024 апталығы ашылды. Басты мақсаты – отандық медиа индустрияны дамыту және іскерлік байланыстарды нығайту. Апталық барысында коммуникация алаңында ведомство басшылары, халықаралық сарапшылар мен сала мамандары өзекті мәселелерді талқылап, идеяларымен бөлісуді бастап кетті.
Ал 26 қыркүйекте «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа маусымдағы жобаларын таныстырады. Тақырыптық сессияларға «Qazaqstan» телеарнасының директоры Болат Мүрсәлім, «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Үкенова, «Qazsport» телеарнасының Бас продюсері Әділет Құсайынов және шеф-редакторы Азат Смағұлов, «Qyzylorda» филиалының директоры Нұрбек Әмиша қатысады.
Сондай-ақ, Қазақ радиосының көшпелі студиясы іс-шарадан 2 күн бойы тікелей хабар таратады.