Астана мен Самарқанд арасында тікелей әуе рейсі ашылады
2025 жылғы 1 мамырдан бастап Астанадан Самарқандқа тікелей ұшатын әуе рейсі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады. Жаңа бағыт Түркістан арқылы ыңғайлы транзиттік мүмкіндіктерді де қамтиды.
Астана – Самарқанд рейсі аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Рейстер кестесі:
Бейсенбі
- IQ369: Астана 16:15 – Самарқанд 20:00
- IQ510: Самарқанд 21:00 – Астана 01:30
Жексенбі
- IQ369: Астана 07:25 – Самарқанд 11:00
- IQ510: Самарқанд 12:00 – Астана 15:30
Сонымен қатар әр бейсенбі және жексенбі күндері Түркістан – Самарқанд бағытында да тұрақты рейстер орындалады.
Түркістан – Самарқанд рейстерінің кестесі:
Бейсенбі
- Түркістан 19:10 – Самарқанд 20:00
- Самарқанд 21:00 – Түркістан 21:50
Жексенбі
- Түркістан 10:10 – Самарқанд 11:00
- Самарқанд 12:00 – Түркістан 13:00