Астанада 26-27 шілдеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
26-27 шілде күндері елордада дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Онда Қазақстанның әр өңірінен келген шаруа қожалықтары мен жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынады.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңке қонақтары мен тұрғындары жаңа жиналған көкөніс пен жеміс-жидекті, ет және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, бал, тосап, табиғи шырындар және басқа да азық-түлік түрлерін нарықтан арзан бағамен сатып ала алады.
Басты сауда алаңы – Алаш тас жолы, 35 мекенжайындағы «KERYEN JOLY» сауда орталығы. Сауда таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жалғасады.
Сол күндері қосымша демалыс күнгі жәрмеңкелер де жұмыс істейді:
-
«Көктал» сауда орталығы маңында (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
-
Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешеніне қарсы бетте).
Барлық жәрмеңкелердің жұмыс уақыты бірдей – сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін.