Астанада ағза донорлығы туралы «Ароматное сердце» фильмі көрсетіледі
20 тамыз күні елордадағы Arman Asia Park кинотеатрында ағза донорлығы тақырыбына арналған «Ароматное сердце» көркем фильмі жабық көрсетілімін өткізеді. Шара Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Фильмнің сюжеті шынайы оқиғаға негізделген. Авторлар тұтас бір сценарийді бар болғаны бір фотосуреттен бастап жазғанын айтады.
Ұйымдастырушылардың дерегінше, қазір Қазақстанда 4000-нан астам адам ағза донорына мұқтаж. Сондықтан бұл мәселені кино тілімен жеткізу қоғам үшін өзекті болып отыр.
Көрсетілімнен кейін көрермендер фильмнің шығармашылық тобымен кездесіп, жоба туралы толық ақпарат ала алады.