Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі салтанатты түрде ашылды

Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі салтанатты түрде ашылды. Бұл бастама елдің әлемдік медиа саласының беделін арттырып, мәдени мұрасын кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews кеңсесінің ашылуын Қазақстанның мәдени және заманауи жетістіктерін әлемге танытудың жаңа кезеңі деп бағалады. Оның айтуынша, бұл кеңсе түрлі мәдениеттер арасындағы диалог алаңына айналып, шығармашылық және инновациялық идеяларды ілгерілетуге жағдай жасайды.

«Біз Қазақстанның экономикасы, мәдениеті және мұрасы туралы халықаралық аудиторияны ақпараттандыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз. Қазақстандық кәсіпкерлермен, суретшілермен және таланттармен жұмыс істеп, Қазақстанның жаңа шындығын және жарқын болашағын көрсететін үш түпнұсқалық телешоу әзірлейміз», – деді «Euronews» Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас.

Қазір 20 жобаны жүзеге асыру жұмысы жүріп жатыр. Олардың арасында:

  • "Modern Nomads" – мәдениет, өнер және өмір салты туралы шоу;
  • "East-West Connect" – бизнес пен экономикаға арналған бағдарлама;
  • "Voices from Central Asia" – өңірлік тұлғалармен сұхбаттар.

 

Көбірек оқыңыз