Астанада көлік индустриясының ірі көрмесі өтеді
15 сәуір күні Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana 2025 көрмесі өз жұмысын бастайды. Бұл — Орталық Азиядағы көлік өнеркәсібіне арналған ең ірі және жалғыз халықаралық алаң.
Көрме 15–17 сәуір аралығында өтеді және оған 22 елден 350-ден астам компания қатысады. Қатысушылар автокомпоненттер, диагностика, жөндеу, электроника, автохимия, автокөлік жуу және күту, тюнинг пен шиналар салаларындағы өнімдері мен инновациялық шешімдерін ұсынады.

Көрме аясында мына негізгі аймақтар ұсынылады:
Automechanika Live Stage – сарапшылармен пікір алмасу, шеберлік сабақтары
SIM Racing – автоспорт әуесқойларына арналған кәсіби симуляторлар
Эксклюзив автокөліктер аймағы – Қазақстандағы ең сәнді және заманауи көліктер көрмесі
БАҚ үшін сұхбат – 10:30
Салтанатты ашылу – 11:00
Automechanika — 50 жылдан астам тарихы бар жаһандық бренд. Астанада көрме алғаш рет 2016 жылы өткен. Қазіргі таңда ол Қазақстан мен Каспий өңіріндегі автоиндустрияны дамытудағы маңызды платформаға айналды.
Өтетін орны: Астана, МВЦ "EXPO", Мәнгілік Ел даңғылы, 53/1
Қосымша ақпарат: automechanika.kz
Аккредитация: Айерке Қабди, +7 700 968 8204