Астанада Komtrans+BUSexpo және құрылыс көрмесі басталады
2025 жылдың 25–27 маусым күндері Астанадағы EXPO көрме орталығында коммерциялық көлік, арнайы техника және құрылыс саласына арналған ірі халықаралық іс-шаралар — Komtrans Astana+BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology Astana 2025 көрмелері өтеді.
Көрмелерге Қазақстан, Қытай, Түркия және Өзбекстаннан 227-ден астам компания қатысады. Олардың қатарында QazTehna, Allur (JAC Trucks), Howo, КАМАЗ-Инжиниринг, King Long, TURBOTRUCKS KAZAKHSTAN (FORD), FAW, Dongfeng, Valmo KZ, Lui Gong, Trailer-Group (BPW), Халык Лизинг, BCC Leasing және басқа да ірі брендтер бар.

Журналистерге арналған брифинг сағат 10:30-да, ал көрменің ресми ашылуы сағат 11:00-де өтеді.
Komtrans+BUSexpo көрмесінің аясында мазмұнды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылады. Жоспарланған сессиялар:
-
«Өңірлік логистикалық дәліздер: экономикалық әсері мен қаржылық тетіктері» панельдік талқылауы;
-
«Орталық Азиядағы автотасымал кедергілері және цифрлық шешімдер»;
-
«Жұмысшы мамандықтар жылы: көлік саласын дамытудағы кадр ресурсы»;
-
«Қазақстандағы автопаркті жаңарту: қаржылық лизинг, мемлекеттік қолдау тетіктері және жаһандық тәжірибе».
Komtrans+BUSexpo — бұл тек көрме емес, көлік және логистика саласының мамандары үшін кәсіби B2B-алаң. Сонымен қатар, құрылыс саласына арналған Eurasian Construction Technology Astana 2025 көрмесі де қатар өтеді. Бұл синергия — көлік, логистика және құрылыс бағыттарының өзара байланысын нығайтуға бағытталған.
Қатысушылар құрамында мемлекеттік органдар, өңірлік коммуналдық мекемелер, автопарк операторлары, дилерлік желілер, логистикалық және инженерлік компаниялар бар.