Ашхабадта Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті

Ашхабад қаласында ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде түрікмен халқына және Гурбангулы Бердімұхамедовке Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына орай арнайы шығарылған медальмен марапаттағаны үшін шынайы алғысын білдірді. Ол бұл марапатты екі ел арасындағы достық пен өзара құрметтің нышаны деп бағалады.

Ескерткіштің ашылуы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мәдени байланысты нығайта түсетін маңызды оқиға болып отыр.

Көбірек оқыңыз