Ата-аналар жаңа оқу жылына қатысты не білуі керек?
Елімізде оқу жылы бұрынғы уақытына 34 аптаға қайта оралады, сәйкесінше кейбір пәндер бойынша сабақ сағаттары қысқарады.
Оқу жылының 34 аптаға дейін қысқаруына байланысты оқу сағаттарының саны барлық пәндер бойынша екі аптаға азаяды.
1 сынып оқушылары үшін жүктеме барлық пәндер бойынша 114-тен 102 сағатқа дейін төмендейді. 2-4 сыныптар үшін "Қазақ тілі" пәні бойынша оқу бағдарламасы 144 сағаттан 136-ға дейін қысқарады.
Алгебра пәні бойынша оқу сағаттары 7-9 сыныптар үшін 108-ден 102-ге қысқарады.Қазақстан тарихына 72 сағаттың орнына 68 сағат бөлінді.
Жоғары сынып оқушылары "қазақ тілін" 72 сағаттың орнына 68 сағат оқиды. "36 апталық оқу жылына көшу қажетті қосымша дайындықты талап етеді",-деп атап өтті Білім министрлігі.
Құжат 11 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға қол жетімді болады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан оқушылары 36 апта оқыды, бұл ата-аналардың наразылығын да тудырды, мамандардың сынына да ұшырады. Сондықтан Білім министрлігі оқу жылының мерзімін қайта қарауға уәде берді.