«Аз и Я» кітабының 50 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді
2025 жылғы 27 мамырда Алматы қаласында белгілі ақын, жазушы және ғалым Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» атты кітабының 50 жылдығына арналған VII Халықаралық конференция өтеді. Шара «Түркіславистиканың бастаулары» («The Birth of Turkoslavistics») деген атаумен білім мәдениетін қолдауға бағытталған.
Конференция Narxoz University қабырғасында өтеді (мекенжайы: Жандосов көшесі, 55), басталуы – сағат 10:00-де. Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы бюросы, «Ұлытау» әдеби қоры және бірқатар ғылыми ұйымдар ұйымдастырып отыр.
Аталған конференцияда түркі және славян халықтарының тарихи-мәдени байланыстары, «Аз и Я» кітабының ғылыми, әдеби және публицистикалық маңызы жан-жақты талқыланады. Пленарлық отырыста Олжас Сүлейменов, Татарстанның мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиев, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Ресей, Әзербайжан, Франция, Израиль, Тәжікстан, Қытай елдерінен келген мәдениет және ғылым өкілдері сөз сөйлейді.
Конференция аясында:
-
«Аз и Я» кітабының жаңа басылымының тұсаукесері,
-
1970–1980 жылдардағы архивтік құжаттар жинағы,
-
«Простор» әдеби журналының арнайы шығарылымы таныстырылады.
Сонымен қатар, Олжас Сүлейменов атындағы халықаралық публицистика сыйлығы салтанатты түрде табысталады.
Күн тәртібіне сәйкес, конференцияда Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Татарстан, Франция және АҚШ-тың көрнекті ғалымдары мен әдебиетшілері баяндама жасап, «Аз и Я» еңбегінің мәдениетаралық диалогқа қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан сараптайды.
🔗 Zoom арқылы онлайн қатысу сілтемесі: https://us05web.zoom.us/j/89603291552?pwd=fAbblulVqKpuGXbTWRG5o9SWadkoya.1
Конференция ID: 896 0329 1552
Құпия сөз: Culture