Балқаш ауданында жастарға арналған заманауи коворкинг-орталық ашылды

Балқаш ауданында жастарға арналған заманауи коворкинг-орталық ашылды. Бұл орталық жастардың білімін жетілдіруге, идеяларымен бөлісуге, шығармашылықпен айналысуға және түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға арналған маңызды алаң болмақ.

Орталық жұмыс істеу мен білім алу үшін қажетті барлық жағдайлармен жабдықталған. Мұнда психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуге, сондай-ақ қаржылық сауаттылық пен жұмысқа орналасу бойынша кеңестер беруге дайын мамандар қызмет етеді.

Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметов мұндай орталықтардың құрылуы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Бүгінде Алматы облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 420 мыңнан астам жас тұрады. Біз жастардың дамуына, идеяларымен бөлісуіне және қолдау алуына мүмкіндік беретін инфрақұрылымды құрып жатырмыз. Болашақта осындай орталықтар облыстың барлық аудандарында ашылады», — деп мәлімдеді ол.

Жыл басынан бері осындай орталықтар Қонаев пен Кеген ауданында ашылды. Жыл соңына дейін Райымбек ауданында жаңа орталық іске қосылады, ал 2024 жылы Қаскелеңде ашу жоспарлануда.

Көбірек оқыңыз