Батырхан Шукеновтың жарыққа шықпаған фотосуреттері көрмеге қойылды
Батырхан Шүкенов – Қазақстанның танымал эстрада әншісі, атақты сазгер. 1962 жылы 18 мамырда Қызылорда қаласында экономист отбасында дүниеге келген. Музыкант ПримаДонна демеушілік еткен 90-шы жылдардағы ең танымал топтарының біріне айналған «A’Studio» тобының негізін қалаушы және фронтмен болды. Әйгілі әртіс 53 жасында Мәскеуде жүрек талмасынан қайтыс болды. Биыл Батырхан Шүкенов 62 жасқа толар еді.
Оның туған күніне Батырхан Шүкенов атындағы қор оның сирек фотосуреттерінің көрмесін және Batyr x KazakhYuvelir зергерлік бұйымдарының топтамасын дайындады.
Көрменің ашылу күні «KazaklYuvelir» зергерлік үйінің ұжымдары жасаған шектеулі таралымдағы зергерлік бұйымдар топтамасы да ұсынылды. Зергерлік бұйымдар батырдың сүйікті аспабы саксофоннан шабыттанған. Сонымен қатар Батырхан Шукеновтың еш жерде жарияланбаған 20 ға жуық суреттері қойылды.
«Батыр. Unreleased» фотокөрмесі Николай Постниковтың авторлығымен шықты. Бұл суреттерді 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан «Atelier Cauchemar»шеберханасынан көруге болады.
«Мен A'Studio тобы құрылған сәттен бастап Мәскеу кезеңіне дейін шығарған винилді дискілерге түсірдім. Кейінірек олар «Джулия» бейнебаянын түсіріп жатқанда, қазір бэкстейдж деп аталатын жұмыстарды атқардым», - деді Николай Постников.
Фотокөрме 30 мамырға дейін жалғасады және сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дүйсенбіден басқа кез келген күні келуге болады. Кіруі тегін.
Фотосуреттер: Orda.kz