Бауыржан Момышұлының портреті рекордтар кітабына енді

Астанада Кеңес Одағының батыры, ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлының алып портреті Дүниежүзілік рекордтар кітабына енді. Туынды Жеңістің 80 жылдығы және батырдың 115 жылдық мерейтойына орай «Астана Арена» стадионында жасалды.

Портреттің жалпы аумағы — 2 736 шаршы метр. Ол әлемдегі ең үлкен фотомозайка форматындағы портрет ретінде тіркеліп, рекордтық көрсеткішке жетті. Биіктігі 70 метр, ал ені 32 метр болатын бұл бейне әрбір пикселі 1 шаршы метр аумақты құрайтын фотобояулардан құралған.

Жобаны Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы ұйымдастырды. Шараға елорданың шығармашылық ұжымдары, мұғалімдер мен оқушылар белсене атсалысты. Кескіндемеге 700 келі ақ бояу және 320 келі қара бояу жұмсалған.

Рекордты тіркеу рәсімі кезінде арнайы Қытай мен Үндістаннан келген сарапшылар жұмыс барысын бақылап, нәтижесінде ұйымдастырушыларға рекорд сертификаты мен медаль табыс етілді.

Бұл бастама – тарихи тұлғаға деген құрметтің айқын белгісі әрі ел жастарына патриоттық тәрбие берудің тың үлгісі.

әлем мәдениет тұлға жаңалықтар
Көбірек оқыңыз