BE WOMAN ASIA 2025: қайта құру, әріптестік және өңірдің жаңа болашағы туралы форум
Қазіргі әлемде ұсақ түзетулер жеткіліксіз болып қалды, себебі уақыт бізден түбегейлі қайта құруды талап етеді. Қайта құру дегеніміз — көзқарастарды, рөлдерді, стратегияларды және өзара әрекеттесу тәсілдерін жаңаша түсініп, жаңа деңгейге көтеру. Дәл осы мақсатта 26 қыркүйекте Алматыда өтетін халықаралық стратегиялық форум — BE WOMAN ASIA 2025 ұйымдастырылып отыр.
Бұл жай ғана шара емес — бұл жаңа идеялар мен батыл шешімдердің кеңістігі. Мұнда 20-дан астам елден келген 95-ке жуық әлемдік сарапшы және 3 000-нан астам қатысушы бас қосып, өңір мен әлемнің болашағын бірлесе талқыламақ.
Форумның басты тақырыбы — “The Power of Generations / Ұрпақтар күші”. Бұл тақырып қақтығыстар жайлы емес, керісінше, келісім мен сабақтастық жайлы. Себебі тәжірибе мен жасампаз энергия түйіскен сәтте ғана тұрақты шешімдер өмірге келеді. BE WOMAN — бұл тек өңірдегі әйел бейнесін қайта пайымдау емес, сонымен қатар жаңа көшбасшылық модельдерін, жауапкершілік қағидаттарын және әріптестік мәдениетін қалыптастыруға ұмтылған бастама.

BE WOMAN ASIA 2025 несімен ерекше?
-
Әлемдік күн тәртібі: Women in Tech Global, WEDO, She Loves Tech, Columbia Business School, Dubai Business Women Council сияқты халықаралық ұйымдардан танымал спикерлер.
-
Әлемдік тұлғалар мен ой көшбасшылары: Брайан және Кристина Трейси, Владимир Познер, Оскар Хартманн, Ирина Хакамада, Татьяна Ким және тағы басқа танымал есімдер.
-
95+ спикер, 3000+ қатысушы: бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдар, ғылым мен білім саласы, шығармашылық индустриялар және халықаралық ұйымдар.
-
Кең ауқымды бағдарлама: панельдік пікірталастар, стратегиялық сессиялар, практикалық воркшоптар, менторлық аймақтар мен жабық кездесулер.
-
Негізгі тақырыптар: цифрлық трансформация, стартап-экожүйелер, тұрақты даму, болашақ білім беру жүйесі, кәсіпкерлік, көшбасшылық және өңір мәдениетінің рөлі.

Форумның институционалдық негізі және стратегиялық маңызы
Форумға BE WOMAN Қамқоршылық кеңесі ерекше мән береді. Кеңеске мемлекеттік саясат, экономика, мәдениет және халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетекші тұлғалар кірген.Қамқоршылық кеңестің төрайымы — Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, сондай-ақ Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.
Мұндай деңгейдегі қолдау мен қатысу форумның ауқымы мен салмағын айқын көрсетеді. BE WOMAN — бұл жай ғана пікірталас алаңы емес. Бұл — Орталық Азияның тұрақты дамуына ықпал етіп, өңірдің әлемдік сахнадағы орнын күшейтуге арналған шешімдер қабылданатын стратегиялық платформа.
2025 жылы Алматы халықаралық диалог пен жаңа мүмкіндіктердің басты орталықтарының біріне айналады. BE WOMAN ASIA 2025 форумы қаланың мәртебесін тағы да айғақтайды: мұнда инновациялар түйісіп, әріптестік дамып, стратегиялық ойлар тоғысады.

Неліктен бұл форумда болуыңыз қажет?
-
Әлемдік озық тәжірибелерден шабыт алу үшін — жаңа көзқарастар мен батыл идеяларға толы кеңістікке қадам басасыз;
-
Жаңа серіктестер мен пікірлес жандарды табу үшін — ортақ құндылықтар мен мақсаттар тоғысатын ортада боласыз;
-
Халықаралық деңгейдегі көшбасшылардан тың ойлар мен бірегей білім алу үшін — жаһандық трендтер мен болашақ бағыттарын тікелей білесіз;
-
Өңірдің жаңа болашағын қалыптастыратын қауымдастықтың бір бөлігі болу үшін — өзгерістерді сырттай бақылаушы емес, олардың белсенді қатысушысына айналасыз.
«Болашақ даңғаза ұрандарды емес, салмақты шешімдерді талап етеді.
BE WOMAN — дәл сол шешімдер диалог, әріптестік және түрлі көзқарастарға құрмет арқылы туатын платформа», — дейді ұйымдастырушылар.
🎟 Тіркелуді бүгіннен бастаңыз
📅 2025 жылдың 26 қыркүйегі
📍 Алматы, Республика сарайы
🌐 www.bewoman.asia