«BeWoman» Ортаазиялық әйелдер форумы
17 қазан күні Республика Сарайында Алматы қаласыәкімдігінің қолдауымен өтетін «BeWoman» Ортаазиялықәйелдер форумы 10 елден келетін әйелдердің басын қосады.
50-ден астам мәртебелі спикерлер көшбасшылық, инновация, қаржылық сауаттылық, теңдік және әйелдерденсаулығы тақырыптарын талқылап, тәжірибелерімен бөліседі.
Форум бағдарламасы 10 елден келген 50-ден астамспикердің талқылауынан, 6 панельді сессия мен 6 воркшоптан тұрады. «BeWoman» форумы гендерліктаптаурындарды жеңіп шығып, табысқа қол жеткізгенәйелдер, сондай-ақ әлемге әйгілі тауашалы сарапшылар сөзсөйлейтін алаңшаға айналады. Бұл сарапшылардыңқатарында:
● Габор Матэ – психотерапевт, бала кезгі зақымдар мен күйзелістің арасындағы байланысты зерттейтінбестселлерлер авторы
● Аюми Мур Аоки – «Women in Tech» қозғалысыныңнегізін қалаушы
● Татьяна Бакальчук – Wildberries маркетплейсінің бас директоры және негізін қалаушылардың бірі
● Алена Долецкая – журналист және публицист
● Ксения Собчак – журналист
● Эштон Эпплуайт – «Anti Ageism» информациялықагенттігінің тең құрылтайшысы
● Гульчехра-бегим Махмудова – Өзбекстанның белгілікәсіпкері және тағы басқалар.
Бұдан бөлек, «BeWoman» ортаазиялық әйелдер форумы ерекше көңілді отандастарын өмір жолы шабыттандыратынҚазақстаннан шыққан қатысушыларға бөледі. Олардыңарасында тележүргізуші Динара Сәтжан, кәсіпкер АселМашанова, театр режиссері және сценарист РазияХасанова, адвокат Жанна Уразбахова, Қазақстандағы«ООН-женщины» Бас офисінің басшысы міндетінатқарушы Дина Амришева және басқа да пікіркөшбасшылары бар.
Естеріңізге сала кетейік, «BeWoman» алғашқы ортаазиялықфорумы 2024 жылдың наурызында тоғыз елдің 700 қатысушысының басын қосқан Ташкент қаласында өтті. Олкезде бұл шара гендерлік теңдік, бизнес, ғылым, өнер, медицина және медиа мәселелерін талқылаған орынға айналды.
Форумға тіркелу басталды, орын саны шектеулі. Қосымшаақпараттар шараның ресми bewoman.asia сайтында бар.