Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

Қазақстаннан келген Бибісара Асаубаева 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы атанды.

bibisarajpg 

Бұл туралы шахматшының өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады. "Кеше халықаралық шахмат федарациясының (FIDE) марапаттау рәсімі өтті. Шахматтан әлемнің 15-чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын табыстады," - деп жазды Асаубаева.

Бибісара Асаубаева - әйелдер арасындағы гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер, сондай-ақ блицтен ең жас әлем чемпионы (2021).

Қазіргі таңда Асаубаева Үндістандағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан құрамасының намысын қорғауда.  

 

Автор: Игорь Топорков

Аударған: Мөлдір Адамжан 

Сурет: баспасөз қызметі мұрағатынан

 

Көбірек оқыңыз