Биыл 18 мыңнан астам этникалық қазақ оралып, қандас атанды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл елге 18 мыңнан астам этникалық қазақ көшіп келіп, қандас мәртебесіне ие болды. Отанға оралғандардың жартысынан көбі Қытай мен Өзбекстаннан қоныс аударған, ал қалғандары Моңғолия, Түрікменстан, Ресей және басқа да елдерден келген.

Қандастардың 57 пайызы еңбекке қабілетті жастағы азаматтар болса, 9 пайызы зейнеткерлер қатарында. Олар Қазақстанның әртүрлі өңірлеріне орналастырылды.

Еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қоныстанған қандастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Әр отбасы мүшесіне 258 мың теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі. Сонымен қатар, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін бір жыл бойы 55 мыңнан 110 мың теңгеге дейін қаражат қарастырылған.

 

 

Көбірек оқыңыз