Bozjyra Fashion Week Astana 2024
Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бірегей – Bozjyra Fashion Week Astana 2024 сән апталығы өтті. Бұл түркі әлемінің заманауи этникалық сәні мен мәдениетіне арналған еліміздегі жалғыз шара.
Сән апталығында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Грузияның дизайнерлері 2024 жылғы Ару Сұлтан тақырыбының төңірегінде бірігіп, XVI ғасырдағы қазақ ақсүйектерін және оның әлемдік сәнге әсерін зерттеген.
Bozjyra сән апталығы дизайнерлердің шеберлігін көрсетіп қана қоймай, этникалық сәнге жаһандық деңгейде әсер ете алатын халықаралық қауымдастық құру бастамасын көтерді. Шара қазақстандық дизайнерлердің шығармашылығын туған елінен тыс жерде көрсету үшін Жібек жолы елдері арқылы өтетін бағытты жоспарлап отыр.