«Brain Rot» – Оксфорд сөздігінің 2024 жылғы сөзі

Оксфорд ағылшын сөздігі 2024 жылдың сөзі ретінде «Brain Rot» ("мидың шіруі" немесе "ми деградациясы") терминін таңдады. Бұл ұғым әлеуметтік желілерде пайдасыз контентті тұтыну мен шексіз жаңалықтар лентасын парақтаудың (думскроллинг) зиянды әсерін білдіреді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай әдеттер адамның зияткерлік қабілетіне кері әсер етеді.

Бұл таңдауға 37 мыңнан астам адам қатысып, алты ұсынылған сөздің ішінен осы терминге басымдық берді.

Оксфорд сөздігінің мұндай дәстүрлі шаралары жылдың басты трендтері мен қоғамдағы негізгі көңіл-күйді айқындауды мақсат етеді. Бұған дейін «rizz» және «climate emergency» (климаттық төтенше жағдай) секілді сөздер жылдың сөзі мәртебесін иеленген болатын.

Оксфорд сөздігінің бұл таңдауы ақпараттық ортада саналы таңдау жасаудың маңыздылығын көрсетіп, сапалы контентке деген сұраныстың өзектілігін еске салды.

 

 

Көбірек оқыңыз