БҰҰ-ның су тапшылығын жою стратегиясы

Жер шарындағы барлық судың тек 0,05 пайызы ғана пайдалануға жарамды. Бұл туралы Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының басшысы Альваро Ларио мәлімдеді.

IFAD басшысы БҰҰ-ның су механизмінің басшысымен бірге БҰҰ-ның сумен жабдықтау және канализация жүйесінің бірінші стратегиясын ұсынылды. БҰҰ-ның жаңа стратегиясы негізінде су тапшылығының жалпы проблемалары көтеріліп, антисанитарлық жағдайды жақсарту талқыланды. Ұсынылған жаңа стратегия жүздеген миллион жаңа сантехникалық жүйелер мен дәретханаларды орнатуды көздейді.

IFAD басшысы №6 Тұрақты даму мақсаттарына (SDG 6) қол жеткізу үшін ауыз сумен қамтамасыз ету және канализация саласындағы ілгерілеуді айтарлықтай жеделдету қажет екенін атап өтті.

Жаңа стратегия барлық агенттіктер мен елдердің пайдалануы үшін кешенді жұмыстарды қамтиды. Оны жүзеге асыруда ұлттық деңгейдегі бірлескен бағдарламалар басты рөл атқарады.

Көбірек оқыңыз