Димаш Құдайберген мен Уолтер Афанасьевтің бірлескен алғашқы туындысы жарық көреді

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі мәрте Грэмми сыйлығының иегері, танымал продюсер және композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы музыкалық жобасын ұсынады.

Маэстро Афанасьев Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис, Savage Garden сынды әлемдік жұлдыздармен бірлесіп, культтік хиттердің авторы әрі продюсері ретінде танымал. Оның шығармашылығына әйгілі әндер кіреді:

  • I’m Your Baby Tonight – Уитни Хьюстон
  • Without You, Dreamlover – Мэрайя Кэри
  • Bleeding Love – Леона Льюис
  • She Bangs – Рики Мартин
  • Crash and Burn – Savage Garden
  • A New Day Has Come – Селин Дион
  • You’re Not From Here – Лара Фабиан
  • My Heart Will Go On – Селин Дион

Сонымен қатар Уолтер Афанасьев «Сұлу қыз бен құбыжық», «Аладдин», «Геркулес», «Оққағар» сияқты фильмдер мен анимациялық жобаларға саундтректер жазған.

Оның жетекшілігімен халықаралық авторлар тобы Димаштың Love's Not Over Yet атты жаңа әнін дайындады.

Жаңа туындының премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда өтеді, ал бейнеклип Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасында жарияланады.

жаңалықтар тұлға
Көбірек оқыңыз