Димаш Құдайбергеннің жаңа бастамасы - DQ Show & Gastronomy

Дубайда DQ Show & Gastronomy жобасы өз жұмысын бастамақ. Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін тағыда қалдырмақ. 

 

 

2022 жылдың 15 наурызында Burj Khalifa ғимаратына қарама-қарсы орналасқан Address Boulevard қонақ үйінде көпшілікті таң қалдыратын жаңа мекеме ашылмақ.

Димаш Құдайберген DQ Show & Gastronomy жаңа жобасын іске қосты. Ол жоғары театрлық шоу мен сапалы ас үйдің керемет үйлесімі болады. Мекеменің ауданы екі жарым мың шаршы метр, оның 300-ін кәсіби сахна алады.

Салтанатты ашылу әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың өнер көрсетуімен 2022 жылдың 15 наурызына жоспарланған. Димаш Құдайберген бұл алаңда әлемнің түкпір-түкпірінен келген фан-клубтармен кездесу ұйымдастыруға ниетті.

DQ Show & Gastronomy-да ерекше театрлық шоудың да, эксклюзивті тағамдардың кең таңдауы бар. Аll inclusive форматы сізге керемет аспаздық шедеврлердің дәмін көруге мүмкіндік береді. Қонақтарды ет, теңіз өнімдері мен премиум сусындардың кең таңдауы күтеді. Мекеменің аумағы 300 адамға дейін сыйдыра алады.

DQ Show & Gastronomy мәдени және гастрономиялық таңдаулы орынға  айналмақ. Ай сайын әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен жабық кештер өткізілу жоспарлануда. Жоба бойынша жұмыс 2021 жылдың аяғына дейін созылды.

DQ Show & Gastronomy ресми сайтында  алдын ала брондауға болады. 

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Фото: ашық дерек көзінен

Көбірек оқыңыз