Доллар бағамы тағы да өсіп, 492,65 теңгеге жетті
Қазақстан қор биржасында (KASE) 11 қарашада өткізілген сауда-саттық нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 0,91 теңгеге қымбаттап, 492,65 теңгені құрады.
Астана қаласында доллардың бағасы шамамен 492 теңге деңгейінде саудалануда, ал сатып алу бағасы 497 теңгеге дейін жеткен.
Сонымен қатар, еуроның құны 529,97 теңгені, Ресей рублі 5,05 теңгені құрады.