Дональд Трамп Республикалық партиядан президенттікке кандидат болды
Дональд Трампқа жасалған қастандық әрекеттен кейінгі ертесі күні Республикалық партияның президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде ұсынылды.
Милуокиде өткен конгрессте АҚШ-тың бұрынғы президенті 2400 делегаттың жартысынан көбінің дауысын алып, оған БҰҰ-ның бұрынғы елшісі Никки Хейли, Флорида губернаторы Рон ДеСантис және партиядан шығып қалған бизнесмен Вивек Рамасвамиден озып, партияның жалғыз кандидаты болуға мүмкіндік берді.
АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген.
Естеріңізге сала кетейік, Трампқа Пенсильваниядағы сайлауалды кездесуде қастандық жасалды. Трамп АҚШ-тағы заңсыз мигранттардың саны туралы айтқан кезде көпшілік арасынан белгісіз адам оқ атқан. Болжам бойынша ол бұрынғы президенттен алыс қашықтықта орналасқан ғимаратта тұрған. Оқ Трампқа тигенге дейін күдікті терезеден секіріп, қашып кетпек болған. Күдіктінің аты-жөні – Томас Мэтью Крукс. New York Post жариялаған ақпарат бойынша ол өзі оқ атқан ғимаратта қаза болды.
Reuters сарапшылары сайлауалды митингідегі шабуылдан кейін Трамптың Ақ үйге оралу мүмкіндігі арта түскенін хабарлайды. Оның президенттік перспективасының артуы доллар бағамының өсіп, АҚШ қазына кірісі мен Азиядағы сауда нарығының ауытқуына алып келген. АҚШ-тың он жылдық қазынашылық фьючерстері шамамен 13 пунктке төмендеді, ал доллардың еуро мен иенаға қатысты бағамы өскен.