Дүние дидарындағы Димаш

2024 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде танымал өнерпаз, композитор және мультиинструменталист Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрменің ашылу салтанаты өтеді. «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрме Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – халықтың сүйіктісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолы мен жетістіктерін таныстыру үшін бірегей мәдени кеңістік құру. Экспозицияда Димаштың жеке және кәсіби өміріндегі маңызды оқиғалармен байланысты заттар, сондай-ақ танымал тұлғалар мен көптеген жанкүйерлердің сыйлықтары көрсетіледі.

Көрме 6 қазанға дейін жұмыс істейді.

Көбірек оқыңыз