Джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанған ару
Мөлдір Мекенбаева Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатының "алтынын" жеңіп алды. Қазақстандық спортшы не-ваза бөлімінде 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік болды. Осылайша Мөлдір екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Айта кету керек, турнир барысында отандасымыз қарсыластарына бірде-бір ұпай берген жоқ.
Сондай-ақ, жақында Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан қара белбеу алған Қазақстандағы ең алғашқы ару.
Қазақстан қоржынындағы 56 медальмен Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында үздік үштікке енді.
Автор: Мөлдір Адамжан
Фото: ашық дерек көздерінен