ЕКА күннің рекордтық дәлдікпен түсірілген суреттерін жариялады
Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕКА) Solar Orbiter зонды арқылы Күннің ерекше дәлдікпен түсірілген суреттерін көпшілікке ұсынды. Бұл суреттер 2023 жылдың 22 наурызында жұлдыздан 74 миллион километрден аз қашықтықта түсірілген.
Solar Orbiter құрылғысы Күннің бетін бұрын-соңды болмаған деңгейде егжей-тегжейлі суретке түсіре алды. Әр сурет 25 кадрдан құралған мозаикадан тұрады, ал бастапқы суреттердегі күн дискісінің диаметрі шамамен 8 мың пиксельді құрайды. Бұл Күн бетіндегі ұсақ детальдарды анық көруге мүмкіндік береді.
ЕКА жариялаған деректердің қатарында адам көзіне көрінетін спектрдегі суреттер, ультракүлгін диапазондағы түсірілімдер, магнитограмма және Күннің бетінде материялық қозғалыс карталары бар.
Бұған дейін NASA-ның Juno аппараты Юпитердің жоғары сапалы суреттерін Жерге жеткізген болатын. Бұл жолы Solar Orbiter ұсынған мәліметтер Күнді зерттеудің жаңа кезеңін ашып, оның құрылымы мен динамикасын тереңірек талдауға мүмкіндік берді.