Электросамокаттарды жалға беруге қарсы петиция жарияланды

Қазақстанда электросамокаттарды жалға беруге тыйым салу туралы петиция пайда болды. Петицияның авторы электросамокаттардың жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіпсіздік мәселелерін туғызатынын және заңнамалық шектеулердің сақталмайтынын мәлімдейді. Ол Париждің тәжірибесін мысал ретінде келтіріп, Алматыда да осындай қиындықтардың орын алып жатқанын атап өтеді.

«Қала көшелерінде жалға берілетін самокаттардың пайда болуы шындығында жаяу жүргіншілердің қозғалысына қолайсыздық тудырды. Алматыдағы жаяу жүргіншілер жолында жай жүру де мүмкін емес», — деді петиция авторы.

Петицияны қарастыру үшін 50 мың қолдау қажет екендігі көрсетілген.

Петицияда жаяу жүргіншілер жолында электросамокаттардың бірнеше адаммен бірге қолданылуы, соның ішінде рөлге әрең жететін балалардың да болуы туралы айтылған. Одан бөлек жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін электросамокаттардың 80%-ы жоғары жылдамдықпен жүретіндігі атап өтілген.

Қазіргі уақытта петиция 2875 қаралым жинап, 242 қолдау алды. Петицияның белсенділік мерзімі 2025 жылдың 1 ақпанына дейін. Егер петиция белгіленген мерзімде қажетті қолдауға жетсе, оны тиісті органдар қарап, мәселені шешу бойынша шаралар қабылдайды.

 

 

Көбірек оқыңыз