Еліміздің тарихындағы ең ұзақ сайфер
Қазақстандық орындаушылар Yenlik, Мирас Жугунусов және ZAQ inDrive сервисімен бірге еліміздің тарихындағы ең ұзақ сайферді ұйымдастырды.
35 минуттық трекке 250-ден астам адам қатысып, өз туған қалалары туралы авторлық шумақтарын әртүрлі тілдерде орындады.
17 шілдеде басталған жоба Қазақстанның барлық өңірлерінен жас орындаушыларды жинап, үлкен сахнада өздерін көрсету мүмкіндігін берді. Жоба аясында өткізілген челлендж барысында қатысушылар өз туған қаласы туралы авторлық өлең жазып, TikTok-қа #inDriveCypher хэштегімен үш орындаушының біреуімен дуэт жариялау қажет болды.
Челлендждің жеңімпаздары болып Сапархан Пердебай (Sapar), Айдын Темірбекова (ATEM) және Сұңқар Айдынұлы (Aqsunkar) танылды. Олар ZAQ, Yenlik және Мирас Жугунусовпен бірге «JOL» атты финалдық тректі жазды. Бұл трек үйге оралу мен үйдің жылуын сезінуді жеткізеді. Әннің бейнебаяны жақын арада YouTube-те қолжетімді болады.