«Ең үздік ер адам» рөлін қазақстандық актер иеленді

Танымал қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов бұл жолы Лос-Анджелесте өткен Asian World film festival кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясын тағы да жеңіп алды. Актер марапатты режиссер Айжан Қасымбектің "От" фильміндегі рөлі үшін иеленді, деп хабарлайды PR Newswire.

Отандық "от" картинасы Қазақстанның қазіргі заман шындығындағына негізделген қарапайым адамның өмірі туралы баяндайды. Төлепберген Байсақалов рөлін сомдаған басты кейіпкер Толик – үлкен мегаполисте өмір сүріп жатқан, отбасын асырауға барынша тырысып жүрген отағасы.

Ол курьер болып жұмыс істейді және көптеген адамдар сияқты отбасын аз жалақыға асырай алмайтындықтан, қарызға батуға және несие алуға мәжбүр. Алайда, оның өмірі сіз ойлағандай нашар емес, ол қызының болашағынан үлкен үміт артады. Бір күні жұмыстан үйге оралғанда, ол кенеттен Сәуленің жүктілігі туралы біледі. Бұл жаңалық қызының болашағына құрылған барлық жоспарларының күл талқанын шығарады. Орын алған жағдайды шешуге тырысып жүргенде, Толик күтпеген оқиғаларға тап болады.

Дүниежүзілік Азия кинофестивалі биыл  жетінші рет өткізілуде, онда азиялық және голливудтық  кино индустриясы арасындағы байланысты нығайту мақсатында азиялық режиссерлердің жұмысы бағаланады. Биыл байқауға 20-дан астам елден 30-ға жуық фильм ұсынылған.

"От" фильмінің әлемдік премьерасы Пусанда (Оңтүстік Корея) ұйымдастырылған халықаралық фестивальде өткізілді. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада актер Төлепберген Байсақалов  Х Russian British Sochi International Film Festival & Awards 2021 атты мерейтойлық Сочи кинофестивалінде  «Үздік ер адам» рөлі үшін марапатталған болатын. Бұл оның  кино әлеміндегі алғашқы үлкен марапаты.

 

Авторы: Мөлдір Адамжан

Фото: ашық дерек көздерінен

Көбірек оқыңыз