Ерлан Қарин: Жеңіс күні – қазақстандықтар үшін қасиетті дата
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күнінің қазақстандықтар үшін айрықша маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы ол Мәскеуде өткен «Ресей–Қазақстан: БАҚ арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері» медиа-форумында айтты.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жеңіс күнінің қазақстандықтар үшін маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстанда бұл мерекеге ерекше көзқарас бар. Бұл – біз үшін қасиетті дата. Біз әрдайым ата-бабаларымыздың адамзат тарихындағы теңдессіз ерлігін есте сақтаймыз», – деді Ерлан Қарин.
Сондай-ақ ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл көктемде Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда осы маңызды мерекеге алдын ала дайындықтың қажет екенін айтқанын еске салды.