Эверестте жалпы тазалық жұмыстары өтті
Эверестте жалпы тазалық жұмысы жарияланды. Непал альпинисттері 2019 жылдан бастап тауларда бес рет тазалық жұмыстарын жүргізген. Жыл сайынғы дәстүрге айналған тазалық жұмыстары биыл да өз жалғасын тапты.
Непал үкіметі қаржыландыратын топ бірнеше апта бойы беткейлерді, негізінен базалық лагерь аймақтарын тазартты. Сенбілік аясында олар 11 тонна қоқыспен қатар 4 адамның мәйіті мен қаңқаларды шығарды.
Эверест тауларының экологиялық жағдайы соңғы уақытта жақсы жаққа өзгеріп жатқанымен, тауды толығымен тазарту үшін көп жылдар қажет болуы мүмкін дейді мамандар. Ал жиналған қоқыстар Непалда қайта өңделіп, өнер нысандарына айналады.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан он жыл бұрын Непал үкіметі альпинистерге қоқыстарды жинап, оны өздерімен бірге алып жүруге міндеттеді. Дегенмен экстремалды жағдайлардың бәрі бірдей талапты орындауға дайын емес. Себебі, альпинисттердің қауіпсіздігі мен өмірі бірінші орында.
Сарапшылардың пікірінше, Эверестте әлі 200-ден астам мәйіт пен 50 тонна қоқыс қалды.