Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төртінші орынға жайғасты

BoxRec порталы  салмақ санатына қарамастан әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады.

Көшті мексикалық Сауль "Канело" Альварес бастады. Ауыр салмақтағы WBA, IBF, WBO және IBO чемпионы Александр Усик бесінші орыннан үшінші орынға көтерілсе, үш салмақ дәрежесінің жеңімпазы Теренс Кроуфорд екінші орынға ие болып отыр. Ал орта салмақтағы IBF/IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин төртінші орынға  орналасты.

BoxRec бойынша P4P рейтингі:

1. Сауль Альварес

2. Теренс Кроуфорд

 3. Александр Усик

4. Геннадий Головкин

5. Тайсон Фьюри

6. Энтони Джошуа

7. Майрис Бридис

8. Каллум Смит

9. Йорденим Угас

10. Джош Тейлор

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Фото: ашық дерек көзінен

Көбірек оқыңыз