Google for Startups бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Astana Hub Google for Startups компаниясымен бірлесіп құрылған Silkway Accelerator бағдарламасының екінші легіне өтінімдер қабылдауды бастады.

whatsapp-image-2022-08-03-at-144203jpg 

Бірінші лек 8 шілдеде басталып, оқыту қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Оған тек Қазақстаннан ғана емес, Тәжікстан, Моңғолия, Әзірбайжан және Қырғызстаннан да Product/Market Fit сатысындағы 15 үздік жоба іріктелді.

Silkway Accelerator екінші акселерациялық бағдарламасы 2 қыркүйекте басталады. Ал іріктеу 2 тамызға дейін жалғасады. Комиссия құрамында Орталық Азия сарапшылары мен Google өкілдері кіреді. Оқу бағдарламасы үш айға созылып, Нұрсұлтан қаласында күндізгі бөлімде өткізіледі.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Сурет: баспасөз қызметі мұрағатынан

Көбірек оқыңыз