Ғұсман Қырғызбаев: “Бұл менің соңғы Олимпиадам”

Күні кеше Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған спортшы мәлімдемесінен үзінді.

Ғұсман Қырғызбаев: 

«Бұл менің соңғы Олимпиадам. Менің жасым 32-де. Сондықтан мен Париж Олимпиадасына барымды салдым».

2021 жылы Ғұсман Қырғызбаев 60 келі салмақта әлем біріншілігіне қатысып, күміс жүлде иеленген. 

Парижде ол 66 келіге дейінгі салмақта басты үміткер оңтүстіккореялық Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Токионың қола жүлдегері және 2015 жылғы әлем чемпионы атанған Ана Ва Улды жеңді. Сондай-ақ франциялық Валид Хараны әсерлі түрде иппонмен жеңді. 

Алайда жартылай финалда бразилиялық Виллиан Лимадан жеңіліп қалды.

«Жартылай финалда Лиманы жеңуге еді. Мен оны бұрынғы екі қарсыласымнан Ана Ва Уль мен Валид Харадан күшті деп айта алмаймын. Мүмкін мен аздап босаңсып қалған шығармын. Менімен бірге қола медаль үшін жұдырықтасқан сербиялық спортшы өте мықты. Оның бойы ұзын, сондықтан бұл оңай болған жоқ».

«Менің жүлдем көптен күткен ең бағалы жүлде. Мен  бұл жеңісті елімізге, ата-анама, әйеліме, балаларыма арнаймын».

Көбірек оқыңыз