Instagram жасөспірімдер үшін жаңа ережелер енгізді
Instagram әлеуметтік желісі жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа функцияларды іске қосты. Енді платформа жасөспірімдерге ұсынылатын контентке ерекше көңіл бөлетін болады.
Жасөспірімдер енді өздері жазылмаған аккаунттарды белгілеу мүмкіндігінен айырылады. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы бір тақырыпқа көңіл бөлген пайдаланушыларға әртүрлі тақырыптарды қарауға ұсыныс беріледі.
Ата-аналар балаларының Instagram-да қанша уақыт өткізгенін бақылап, қажетті жағдайда уақыт шектеуін енгізе алады. «Үзіліс ал» қызметі желіде көп уақыт өткізген пайдаланушыларға демалу ұсынысын жібереді. Бұл мүмкіндік әзірге АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия және Канадада қолжетімді.