IQanat – Мың бала

8 айға созылған IQanat олимпиадасы бүкіл Қазақстан бойынша өтті. Аталған олимпиада ауыл балаларының мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған. 

IQanat – мыңдаған ауыл балаларының өмірінің траекториясын өзгерткісі келетін, оларға күшті бастау мүмкіндіктері – білім мен мотивация түрінде ұсынатын 150-ден астам қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік және білім беру жобасы. 

Білім беру бағытына үлес қосушылардың қатарында еліміздің ірі кәсіпкерлері біріккен. Жобаның сенімді қолдаушылары арасында Тимур Турлов, Айдын Рахымбаев, Арсен Томский, Бауыржан Исабаев, Марат Жұман, Серік Төлбасы, Сергей Кан, Асхат Омаров, Қанат Көпбаев, Дәулет Нұржанов және Қазақстанның және одан тысқары жерлердегі көптеген танымал тұлғалар бар.
50 мыңға жуық ынталы мектеп оқушылар қатысқандар арасынан 1000 оқушы финалға өтті. Олар 15-21 маусым аралығында өткен апталық финалда өз бақтарын сынады. 
Жобаның қорытынды марапаттау рәсімі Медеу мұзайдынында өтті. Бұл жерде Бурабай мектеп-интернатына оқуға жолдама алған үздік 100 оқушы есімі аталды. 
Одан бөлек жартылай грантқа ие болған 100 оқушы IQ Advance ЖОО түсу үшін дайындықтың арнайы бағдарламасынан өтетін болады. IQanat бағдарламаларының арқасында балалардың 90%-ға дейіні Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантпен қабылданады. Қазіргі таңда жоба түлектері әлемнің 15 елінде білім алуда.

Жоба қолдаушылары IQanat ауыл балаларының қоғамға игі үлесін қосуға дайын, патриоттық рухта тәрбиеленген жауапкершілігі мол, жанашыр және табысты көшбасшы болып өсуі үшін осындай үлкен күш салуда.

Көбірек оқыңыз