Испаниялық "Қағаз үй" сериалының режиссері Карлаг туралы фильм түсіреді

Netflix платформасы үшін Карлаг тарихына арналған қазақстандық-испандық «Бітім» (La Tregua) фильмі түсіріле бастады. Бұл жобаның режиссері – әйгілі испандық Мигель Анхель Вивас. Ол әлемге танымал «Қағаз үй» (La Casa de Papel) сериалымен танылған.

Фильмде күнделікті өмір үшін күрес және қиын кезеңдердегі адамгершілік тақырыптары көрсетіледі. Бұл драмалық хикая Карлагта болған ауыр оқиғаларды баяндай отырып, адамның рухы мен өмірге деген құштарлығын ашады.

Басты рөлдерді әлемдік кинематография жұлдыздары: Мигель Эрран («Қағаз үйдегі» Рио) және Арон Пипер («Элита» драмасындағы Андэр Муньос) сомдайды. Сондай-ақ, фильмге қазақстандық актерлер: Дина Тасбулатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Аққозов қатысады.

Режиссердің айтуынша, фильм тек тарихи оқиғаларды баяндап қана қоймай, адам рухының мықтылығын көрсетеді: «Бұл – өмір үшін күрескен адамдардың үміті мен қайсарлығы туралы хикая».

Жобаның ауқымды аудиторияға арналғаны және Netflix платформасында көрсетілетіні қазақ тарихындағы осы бір маңызды бетімен бүкіл әлемді таныстыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Испанияның бірлескен бұл жобасы – халықаралық деңгейдегі ең күтілетін фильмдердің бірі.

Фильм туралы жаңалықтарды Netflix және басқа да платформалардан бақылап отырыңыз. Толығырақ ақпарат осында.

Көбірек оқыңыз