IT-Aiel 2.0 жобасына қатысуға өтінім беру басталды
Әйелдерді қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі еңбек нарығына үлес қосуға талпынған әйелдер үшін жасалған “IT-Aiel” жобасы. IT саласында еңбек жолын бастағысы келетін әйелдерге арналған курс Орталық Азия елдеріне арналған. Оқу бағдарламасы No code, Freelance School және E-commerce бағдарламалау бағыттары мен басқа да цифрлық дағдыларды тегін оқу мүмкіндігін ұсынады.
Қатысуға өтініштер мына сілтеме https://education.astanahub.com/it-aielkz арқылы 24 маусымға дейін қабылданады.
Бұл жобаның мақсаты әйелдерге IT саласы арқылы жұмыс істеуге жол ашып, қаржылық тұрақтылыққа жетуге көмектесу. Ұсынылған онлайн сабақтар цифрлық дағдылар мен фриланс мамандықтарын меңгеруге бағытталған. “IT-Aiel” жобасының қолдаушылары және авторлары Astana Hub технопаркі, Techno women ұйымы және ҚР президент жанындағы әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия.
«Қазақстан – цифрландыру тұрғысынан өте дамыған ел. Egov жүйесі әлемнің 198 мемлекеті арасында 28-ші, ТМД және Орталық Азия елдері арасында 1-орынға тұрақтап, көш бастап тұр. Елімізде IT-білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді, сол себепті қыздар мен әйелдерде технологиялық индустрияда даму үшін барлық жағдай жасалған», - деді Азиза Шужеева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.
Оқу бағдарламасы бойынша жоспарланған сабақтар:
1-2 апта: No-Code (кодсыз веб-қызметтерді жасау) құру әдісі жайлы болады
3-4 апта: чат-боттарды құру, конструкторлармен жұмыс істеу және қолданбалар әзірлеу
5-6 апта: толыққанды қосымшалар әзірлеу және оларды шығару
7-9 апта: тапсырыстарды қабылдау және фриланста жұмыс істеу туралы ақпарат
10-11 апта: маркетплейсте дүкен жүргізу дағдылары мен тауарды таңдау, сату, талдауды үйренесіз.
11-12 апта: финалды жоба әзірлеп шығарасыз.
«Былтыр IT-Aiel бағдарламасы аясында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 2634 әйел IT көмегімен өз өмірін өзгертуге ұмтылып, қатысуға өтінім берді. Олардың қатарында 900-ден астам жұмыссыз, 500 студент, 700 өзін-өзі жұмыспен қамтыған қыз-келіншек және 400-ден астам декреттегі ана бар. Бірінші лек түлектері веб-сайттар мен қосымшалар сияқты өз IT-өнімдерін жасады. Осылайша, олар қаржылық тәуелсіздік пен кәсіби шыңдалуға маңызды қадам жасады. Биыл бағдарламаның екінші легі аясында әйелдер табысты мансап құрып, қоғамның дамуына үлес қосуға септігін тигізетін жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе алады», - деді Дания Ахметова, Astana Hub басқарушы директоры.
Курс 24 маусымнан басталады. 3 айлық оқу бағдарламасы тегін оқытылады. Оқыту тілдері: қазақ, орыс. Курсқа тіркелу мына сілтемеге өтіңіз.
Курсты аяқтағаннан кейін оқыту нәтижелері кәсіби құзіреттіліктің даму деңгейі мен қосымша табыс көзін белгілеуден көрінеді.