«Joqtau» фильмі Locarno Film Festival кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енді
Қазақстандық режиссер Аруан Анартайдың «Joqtau» фильмі әлемдік ірі кинофестивальдердің бірі – Локарно конкурстық бағдарламасында дебют жасады.
2024 жылдың 7-17 тамызы аралығында өтетін 77-ші Локарно кинофестивалінде фильм әртүрлі орындарда бес ретке дейін көрсетіледі. Шығарма жанры – роуд-муви, ол көрерменді даланың кеңістігі мен қазақтың шалғай жерлеріне жетелейді. Басты кейіпкерлер өздері ұстанған наным-сенімдері мен құндылықтары үшін қиын сынақтардан бастан өткізеді.
Фильмде басты рөлдерді «Қаш», «Патриоттар уақыты», «Сақшы» фильмдерімен танымал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Есбек Әбілмәжінов, Ермек Шынболатов, сондай-ақ «Joqtau» фильмі мансабындағы алғашқы жоба болған актриса Ирина Балкова сомдайды.
Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілді.