«Jüregımnıñ Jenımpazy» жаттығулары басталады
Астанада «Jüregımnıñ Jenımpazy» қалалық жүгіру фестиваліне дайындық аясында алғашқы ашық жаттығу 28 маусым күні сағат 8:30-да Ботаникалық бақта («Дар» ескерткіші маңында) өтеді. Іс-шараны «Heart Center Foundation» қоғамдық қоры ұйымдастырады.
«Jüregımnıñ Jenımpazy» — бұл ағза трансплантациясын күтіп жүрген пациенттерге қолдау көрсетуге арналған жыл сайынғы қайырымдылық жүгіру шарасы. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 4 200 адам, оның ішінде 128 бала донорлық ағза қажет ететін күту парағында тұр.
Негізгі жарыс 10 тамыз күні Астанада өтеді. Қатысушыларды тіркеу ұйымдастырушы сайтында жүргізілуде:
hcf.kz/ru/events/juregimnin-jenimpazy


Алдағы жаттығуларға трансплантациядан өткен жандар — Анар Шаймергенова (бүйрек трансплантациясы) және Андрей Шелестюк (бауыр трансплантациясы) қатысады. Олар бүгінде қоғам белсенділеріне айналған және «Сен – менің жүрегімнің чемпионысың!» атты бастаманың тұрақты қатысушылары. Жаттығу барысында қатысушылар олардың оқиғаларын тыңдап, сұхбат алу мүмкіндігіне ие болады.
Қор директоры Мурат Зауров бұл жүгіру шарасының трансплантацияны қажет ететін жандар үшін маңызын, сала дамуына әсерін және қайырымдылықтан жиналатын қаражаттың қалай пайдаланылатынын түсіндіреді.
Жаттығулар әр апта сайын жұма және сенбі күндері өтеді. Тәжірибелі марафоншы әрі жаттықтырушы Павел Тенцер қатысушыларға жүгіру техникасын үйретіп, 1, 3 және 10 шақырым қашықтықтарға дайындайды.
Ең белсенді қатысушыларға жарыс серіктестері тарапынан естелік сыйлықтар табысталады.