Кадр тапшы өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту бағдарламасы
Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдеріне қажеттілік туындап отыр. Осыған байланысты, үкімет жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды қолға алды. Кадр тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту бағдарламасына сәйкес бірнеше шара ұйымдастырылған.
Жеңімпаз мұғалімдерге төрт облыстың біріне қоныс аударған жағдайда, олардың балаларына балабақша мен мектепте орын беріледі. Сонымен қатар, педагогтермен 5 жылға еңбек шарты жасалады.
Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтың айтуынша, бұл бағдарлама өңірлердегі педагогикалық кадр тапшылығын шешуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.