Канада кинофестивалінде қазақстандық фильм жоғары бағаға ие болды

Канадада өткен беделді Fantasia кинофестивалінде қазақстандық «Дала қасқыры» фильмі жоғары бағаға ие болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, фильм фестиваль қазылар алқасының бағасын алды. Басты рөлдерді сомдаған Берік Айтжанов пен Анна Старченко үздік орындаушы атағына ие болды. Сондай-ақ «Оскар» киноакадемиясының мүшесі болып қабылданған оператор Еркінбек Птыралиевтің «Оскар» сыйлығына дауыс беруге құқығы бар тұңғыш қазақстандық азамат болып танылуы да маңызды оқиға болды.

Бұған дейін режиссер Әділхан Ержанов түсірген «Дала қасқыры» фильмі Reims Polar 2024 кинофестивалінде Франция сыншылары қауымдастығының жүлдесіне ие болған еді.

Фильмнің сюжеті Тамара есімді әйелдің жоғалып кеткен ұлын іздеп, шағын қалада күмәнді де беделді детективті жалдап, күтпеген салдарымен тоғысады.

Көбірек оқыңыз