Каспий теңізінде 5 күнде 289 өлі итбалық табылды
Каспий теңізінің жағалауынан 5 күн ішінде 289 өлі итбалық табылды, өлекселерді шығару жұмыстары жалғасуда.
Зерттеуші Әсел Баймұқанова Instagram парақшасында атап өткеніндей, кейбір итбалықтарда зорлық-зомбылық белгілері, оның ішінде тұншығу және балықшылардың торының іздері бар. Алайда, белгісіз себептермен өлген итбалықтар да кездеседі. Олардың Солтүстік Каспийге келгенде сау болғаны, бірақ кейін бірнәрсе болып, өліп қалғаны байқалады. Өлім себептерін анықтау үшін биологтармен қатар эколог, химик және технологтар да тартылуы қажет.