Кембридж профессоры MNU-де тіл саясаты туралы дәріс оқиды

15 сәуір күні сағат 10:30-да Maqsut Narikbayev University-де Кембридж университетінің профессоры, доктор Abhimanyu Sharma дәріс оқиды. Іс-шара университеттің конференц-холлында, 5-қабатта өтеді. Дәріс тақырыбы – «Тіл саясаты: даму және инклюзия».

Іс-шара Kapuscinski Lectures халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл бастама – БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық комиссияның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын білім беру жобасы. Биыл бұл жоба алғаш рет Орталық Азияда өткізілуде.

Дәріс барысында тіл саясатының дамушы елдер үшін маңызы мен тілдік инклюзия мәселелері қарастырылады. Доктор Шарма ағылшын тілінің Үндістан сияқты елдерде мәдени бірегейлікке, білімге және кәсіби мүмкіндіктерге қалай әсер ететінін баяндап, есту қабілеті нашар немесе мүлдем естімейтін адамдар үшін ым тілі арқылы білім беру маңызын атап өтеді.

Профессор тіл саясатын тұрақты даму мен әлеуметтік теңдікке жетудің маңызды тетігі ретінде сипаттайды. Оның баяндамасы тілдік ортаның теңгерімді дамуын қамтамасыз ету жолдарын талқылауға жол ашады.

Дәріске қатысуға ниетті ғылыми қауымдастық өкілдері, БАҚ және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады. Аккредитация 14 сәуірге дейін жүргізіледі. Қосымша ақпарат пен тіркеу үшін байланыс: +7 708 904 4909 (Алина Дүйсен).

пресс-анонс білім
Көбірек оқыңыз