KITAP FEST фестивалі Алматыда

  14–15 қыркүйек күндері Алматыдағы Арбат алаңында Kitap Fest фестивалі өтеді. Қала күніне арналған Kitap Fest фестивалі биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Фестивальдың негізгі тақырыбы — «Болашақтың кітабы».

Шара аясында келушілер 70-тен астам баспа мен кітап дүкендерінің шығарылымдарымен таныса алады. Екі күн бойы фестиваль қонақтарын ауқымды мәдени бағдарлама күтеді. Оған қазақстандық жазушылар мен танымал тұлғалармен кездесулер, кітап алмасу, жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, кітаптар көрмесі, шеберлік сыныптары, байқаулар мен өлең оқу, балаларға арналған танымдық бағдарламалар, сондай-ақ отандық баспагерлер мен кітап дүкендерінің қатысуымен өтетін үлкен кітап жәрмеңкесі кіреді. Одан бөлек кітаптарды Қазақстанның ауылдық кітапханаларына табыстауға мүмкіндік беретін «Ауылға кітап» акциясы да ұйымдастырылады.

Фестивальге кіру тегін, жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.

Көбірек оқыңыз