Кореяның «Шайн Мускат» жүзімі қауіпсіз бе?

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Кореядан әкелінген «Шайн Мускат» жүзімінен зиянды микроорганизмдер анықталмағанын мәлімдеді.

Республикалық өсімдіктер карантині орталығының мамандары фитосанитариялық бақылау шеңберінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.

«Сараптама нәтижесі бойынша карантиндік зиянды организмдер анықталған жоқ», — делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Бұл тексеріс ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасымен жүзеге асырылды. Мақсаты — импортталатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұтынушылар мен елдің ауыл шаруашылығы экожүйесін қорғау.

Көбірек оқыңыз