Күрес чемпиондары

Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды.

Тайландта грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстандық спортшылар бұл турнирде тамаша нәтиже көрсетіп, екі алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Жүсіп Ашрапов пен Ерасыл Жеңіс алтыннан алқа тағынды.

Күміс медаль Арсен Жұма, Бағлан Қуанышев, Рахат Бержанов және Джохар Узаровқа бұйырды.

Қоланы Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиев иеленді.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 185 ұпай жинап, екінші орын алды.

Көбірек оқыңыз