Лукашенко: Қазақстан уақыт сынынан өткен дос
Беларусь президенті Александр Лукашенко шетелдік мемлекеттердің елшілеріне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі кезінде Қазақстанды маңызды, уақытпен тексерілген досы ретінде атап өтті.
"Бүгінде бізде ортақ мүдделер болмайтын сала жоқ. Жыл сайынғы миллиардтық тауар айналымы мен өнеркәсіп кооперациясындағы табысты жобалар ынтымақтастығымыздың жоғары динамикасын көрсетеді", – деді Лукашенко.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы кезінде Беларуське көрсетілген толық қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.